https://sputnik.kz/20231205/qazaqstanda-eriktilerdi-saqtandyru-zhuyesi-engiziledi-40620451.html
Қазақстанда еріктілерді сақтандыру жүйесі енгізіледі
Қазақстанда еріктілерді сақтандыру жүйесі енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда еріктілердің жалпы саны 240 мың адамнан асады 05.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-05T08:54+0500
2023-12-05T08:54+0500
2023-12-05T08:54+0500
еріктілер
сақтандыру
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0d/15471251_0:47:2000:1172_1920x0_80_0_0_a6088d6a506313301dafb049793f5e07.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Заңнамаға төтенше жағдайларды жоюға қатысатын еріктілерді сақтандыруға қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы ұлттық волонтерлік желінің төрағасы Вера Ким мәлімдеді, Хабар 24 арнасы. Қазіргі жоспарға сәйкес, еріктілер алдымен оқыту курстарынан өтеді. Соның нәтижесінде арнайы куәлік алады. Одан кейін төтенше жағдайлар министрлігіне тіркеуге тұрады. Осылайша, мемлекет тарапынан тиісті сақтандыру алуға мүмкіндік болады.Ұлттық волонтерлік желі төтенше жағдайлар министрлігімен меморандум да рәсімдеп үлгерді. Тура сондай ынтымақтастық денсаулық және ішкі істер органдарымен де жасалады. Әрбір ведомство өзінің еріктілер базасын жүргізеді.Бүгінде еріктілер елде болған апаттарда, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуде белсенділік танытып жатыр. Осындай қиын қыстау сәтте еріктілер өз өмірлеріне қауіп төнсе де, көмекке келеді. Сондықтан волонтерлерді де жан-жақты қорғау керек. Бұл бастаманы қазір жүзеге асыру мүмкін болмай тұр. Себебі елде төтенше жағдайлар кезінде нақты жұмыс істей алатын волонтерлердің санын анықтау қиынға соғуда.Айта кетері, Қазақстанда еріктілердің жалпы саны 240 мың адамнан асады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0d/15471251_141:0:1918:1333_1920x0_80_0_0_c56a9932be0a95652f9e98c00f1f6804.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еріктілер, сақтандыру
Қазақстанда еріктілерді сақтандыру жүйесі енгізіледі
Қазақстанда еріктілердің жалпы саны 240 мың адамнан асады
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Заңнамаға төтенше жағдайларды жоюға қатысатын еріктілерді сақтандыруға қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы ұлттық волонтерлік желінің төрағасы Вера Ким мәлімдеді, Хабар 24
арнасы.
Қазіргі жоспарға сәйкес, еріктілер алдымен оқыту курстарынан өтеді. Соның нәтижесінде арнайы куәлік алады. Одан кейін төтенше жағдайлар министрлігіне тіркеуге тұрады. Осылайша, мемлекет тарапынан тиісті сақтандыру алуға мүмкіндік болады.
"Өкінішке қарай, біз еріктілер қызметіне арналған заңға барлық бастамаларымызды енгізе алмадық. Алдағы уақытта төтенше жағдайларды жоюға атсалысатын еріктілердің өмірін сақтандыруға арналған норманы енгізуді жоспарлап отырмыз", - дейді Ким.
Ұлттық волонтерлік желі төтенше жағдайлар министрлігімен меморандум да рәсімдеп үлгерді. Тура сондай ынтымақтастық денсаулық және ішкі істер органдарымен де жасалады. Әрбір ведомство өзінің еріктілер базасын жүргізеді.
Бүгінде еріктілер елде болған апаттарда, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуде белсенділік танытып жатыр. Осындай қиын қыстау сәтте еріктілер өз өмірлеріне қауіп төнсе де, көмекке келеді. Сондықтан волонтерлерді де жан-жақты қорғау керек. Бұл бастаманы қазір жүзеге асыру мүмкін болмай тұр. Себебі елде төтенше жағдайлар кезінде нақты жұмыс істей алатын волонтерлердің санын анықтау қиынға соғуда.
Айта кетері, Қазақстанда еріктілердің жалпы саны 240 мың адамнан асады.