Қазақстан еңбек мигранттарын тартуға арналған квоталарды қысқартты

Иностранная рабочая сила - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстан еңбек мигранттарын тартуға арналған квоталарды қысқартты.
Еңбек министрлігі тиісті бұйрық шығарды. Енді 2025 жылға арналған квоталар жұмыс күшінің пайыздық қатынаста мынандай:
жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге берген рұқсаттар бойынша 0,2% (0,23%) мөлшерінде;
еңбек иммигранттарын тартуға – 3% мөлшерінде (3,1%-дан) мөлшерінде.
Бұйрық ресми жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 233 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлады еңбек министрлігіндегілер.
Пассажиры на вокзале, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Еңбек министрлігі мигранттар келетін негізгі 4 елді атады
Жаңалықтар
0