Еңбек министрлігі мигранттар келетін негізгі 4 елді атады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуПассажиры на вокзале, архивное фото
Пассажиры на вокзале, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Жазылу
Қазақстанға Қытайдан 4 059, Өзбекстаннан 1 815, Үндістаннан 1 192 және Түркиядан 1 068 адам жұмыс істеуге келген
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 733 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:
басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 564 рұқсат (бірінші санат),
құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 599 рұқсат (екінші санат),
білікті жұмысшылар үшін (үшінші және төртінші санат) - 5 592 және 549 рұқсат.
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 639 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 790 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 762 жұмыс беруші бар. Оларда 455,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 99% - ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 222 адам (30,7%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 686 адам (12,2%), әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 652 (12%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 276 адам (9,2%), өңдеу өнеркәсібі – 1 300 адам (9,4%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 806 адам (5,8%).
"Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 059 адам (29,6%), Өзбекстан – 1 815 адам (13,2%), Үндістан – 1 192 адам (8,6%), Түркия – 1 068 адам (7,7%)", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі.
2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
Жаңалықтар
0