https://sputnik.kz/20250108/elde-kolik-logistikalyq-keshen-salasynda-25-zhana-mamandyq-payda-bolady-49830966.html
Елде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
Елде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады... 08.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-08T14:46+0500
2025-01-08T14:46+0500
2025-01-08T14:46+0500
жұмысшы
мамандықтар
https://sputnik.kz/img/07e8/04/09/43564797_0:438:720:843_1920x0_80_0_0_95c488d9f496ca054c45c18afc904050.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспары қаралған Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев жаңа жобаларды іске асыру кезінде жобаның цифрлық аналогын және 3D-модельдеуді пайдалануды көздейтін BIM технологиясы бойынша автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау көзделгенін хабарлады. Бұл бағытта "ақылды жолдар" бойынша тиісті инженер-жобалаушылар, BIM технологиясында жұмыс тәжірибесі бар прорабтар, құрылыс роботтарының операторы және цифрлық жобалаушы қажет болады. Көлік-логистика саласындағы ірі тораптарды басқару үшін цифрлық логистикалық карталар конструкторы мен операторы керек.Азаматтық авиацияда сыртқы пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің пилоттары сұранысқа ие болады. Осыған орай, алдағы уақытта уәкілетті орган мен білім беру мекемелерімен бірге осы мамандықтарды ашу мәселесі қарастырылады.Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі.
https://sputnik.kz/20250108/zhumysshy-mamandar-ushin-zhenildetilgen-ipoteka-beriledi-49827032.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/09/43564797_0:370:720:910_1920x0_80_0_0_513b3a63151b6b4de7ce15db5db36a3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмысшы, мамандықтар
Елде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспары қаралған Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев жаңа жобаларды іске асыру кезінде жобаның цифрлық аналогын және 3D-модельдеуді пайдалануды көздейтін BIM технологиясы бойынша автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау көзделгенін хабарлады.
Бұл бағытта "ақылды жолдар" бойынша тиісті инженер-жобалаушылар, BIM технологиясында жұмыс тәжірибесі бар прорабтар, құрылыс роботтарының операторы және цифрлық жобалаушы қажет болады. Көлік-логистика саласындағы ірі тораптарды басқару үшін цифрлық логистикалық карталар конструкторы мен операторы керек.
Азаматтық авиацияда сыртқы пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің пилоттары сұранысқа ие болады. Осыған орай, алдағы уақытта уәкілетті орган мен білім беру мекемелерімен бірге осы мамандықтарды ашу мәселесі қарастырылады.
Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі.