Жұмысшы мамандар үшін жеңілдетілген ипотека беріледі

© Pixabay / Alexandr PodvalnyИпотека
Ипотека - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2025 жыл президенттің бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бүгінде үкімет іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жұмысшы мамандықтар үшін жеңілдетілген ипотека да енгізіледі.
“Жұмысшы кадрларды әлеуметтік қолдаудың үздік корпоративтік тәжірибесін кеңінен таратып, жаңа ынталандыру шараларын енгізу керек. Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын”,— деді премьер-миристр Олжас Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек. мемлекеттік органдар, әкімдіктер, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі салалық және өңірлік жоспарлардың сапалы іске асыруға міндетті.
“Барлық іс-шаралар жүйелі, нәтижелі және олардың әлеуметтік-экономикалық ұзақмерзімді әсері болуы тиіс. Үкімет Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелерін үнемі бақылауда ұстайды”,-деп атап көрсетті үкімет басшысы.
Жаңалықтар
0