https://sputnik.kz/20250106/zelenskiy-kiev-tramppen-kelissozderge-dayyn-ekenin-aytty-49766088.html
Зеленский Киев Трамппен келіссөздерге дайын екенін айтты
Зеленский Киев Трамппен келіссөздерге дайын екенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Владимир Зеленский америкалық журналист Лекс Фридманға берген сұхбатында Киевтің осы айдың соңында АҚШ-тың жаңадан сайланған... 06.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-06T10:48+0500
2025-01-06T10:48+0500
2025-01-06T10:48+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
зеленский
ақш
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_0:0:3079:1731_1920x0_80_0_0_3ca1ad9db270461161c534867ea198c7.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Владимир Зеленский америкалық журналист Лекс Фридманға берген сұхбатында Киевтің осы айдың соңында АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздерге дайын екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.Бұған дейін Зеленский Киевтің бақылауындағы аумақтарға НАТО кепілдік берген жағдайда ғана Украинадағы қақтығысты реттеуге дайын екенін айтқан.Зеленский Украинаға АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдігі қажет, өйткені ол "қуатты ел" деп айтты.Бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы жанжалды бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясы бұл қарапайым жолмен шешіле салатын оңай мәселе емес деп санайды.Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.
https://sputnik.kz/20241231/zelenskiy-ukrainaga-dron-akeluge-kedendik-zhenildikti-uzartu-turaly-zanga-qol-qoydy-49694883.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_14:0:2745:2048_1920x0_80_0_0_58fcf8df660b8006f852a809039b1a2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зеленский, ақш
Зеленский Киев Трамппен келіссөздерге дайын екенін айтты
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Владимир Зеленский америкалық журналист Лекс Фридманға берген сұхбатында Киевтің осы айдың соңында АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздерге дайын екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Зеленский Киевтің бақылауындағы аумақтарға НАТО кепілдік берген жағдайда ғана Украинадағы қақтығысты реттеуге дайын екенін айтқан.
"25 қаңтар немесе басқа күні келіссөз жүргізуге мен қарсы емеспін... Біз келіссөз үстеліне бірінші кезекте Трамппен бірге отырамыз. Біз онымен соғысты қалай тоқтату керектігі жөнінде келісеміз... Біз ең алдымен онымен келісеміз. Екіншісі – Еуропа, өйткені біз Еуропаның бір бөлігіміз, Еуропаның да дауысы бар екені біз үшін өте маңызды... Осыдан кейін орыстармен әңгіме болуы мүмкін. Бұл жалғыз жол, үшеуміз (Ресей президенті Владимир Путин, Трамп және Зеленский – ред.) бірден келіссөз жүргізу үшін үстел басына отыруымыз мүмкін емес емес", - деді Зеленский YouTube арнасында жарияланған видеода.
Зеленский Украинаға АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдігі қажет, өйткені ол "қуатты ел" деп айтты.
Бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы жанжалды бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясы бұл қарапайым жолмен шешіле салатын оңай мәселе емес деп санайды.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.