Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Украинаға дрон әкелуге кедендік жеңілдікті ұзарту туралы заңға қол қойды

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский салық және кедендік жеңілдіктерді 2025 жылға ұзарту туралы заңға қол қойды. Жоғарғы Рада сайтындағы мәліметке қарағанда заң дрондар мен оның компоненттерін елге әкелуге қатысты болып отыр.
Украина парламентшісі Ярослав Железняк 17 желтоқсанда Жоғарғы Рада тиісті заң жобаларын қолдағанын айтты.
Украина парламентінің сайтында жарияланған ақпарат бойынша құжатқа дүйсенбіде Зеленский қол қойып қайтарған. Оған сәйкес, оқ-дәрілер мен снарядтар жасау үшін импортталатын компоненттер кедендік төлемдерден босатылады. Сондай-ақ дрондарды, түнгі көру аспаптарын және дрондарға қарсы мылтықтарды әкелуге арналған жеңілдіктерді ұзарту көзделген, сонымен қатар барлық дрон: жер үсті және су үшін құрамдас бөліктерге жеңілдіктер кеңейтіледі.
Джо Байден и Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Байден Украинаға жүздеген мың оқ-дәрі жіберетінін айтты
Жаңалықтар
0