https://sputnik.kz/20250106/onlayn-kurs-satyp-algan-astanalyq-eki-mln-tengege-aldanyp-qaldy-49780831.html
Онлайн курс сатып алған астаналық екі млн теңгеге алданып қалды
Онлайн курс сатып алған астаналық екі млн теңгеге алданып қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының тұрғыны интернеттегі онлайн курсқа жазылып, алаяқтың құрбанына айналды, деп хабарлайды Polisia.kz. 06.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-06T13:54+0500
2025-01-06T13:54+0500
2025-01-06T13:54+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1040/75/10407544_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_be214eb936f75f10b1d2c4918c84f5b2.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының тұрғыны интернеттегі онлайн курсқа жазылып, алаяқтың құрбанына айналды, деп хабарлайды Polisia.kz. Жас жігіт өзін кәсіби маман ретінде танытып, 25 жастағы жәбірленушіге шаш үлгілерін жасау бойынша онлайн курс ұсынған. Сонымен қатар ол шет елдермен киім саудасын жүргізуге көмектесетін мүмкіндіктер ашатынын айтып, сенім ұялатқан. Алаяқ өз курсына қызығушылықты арттыру үшін 4 дана "Dyson" шашқа арналған аппаратын сыйлыққа беремін деп уәде еткен. Сеніміне кірген жәбірленуші алаяқтың есепшотына шамамен 2 миллион теңге көлемінде қаражат аударған. Курстың екі күннен кейін басталатынын естіген жәбірленуші оны бір апта бойы күтіп, ақыры алданғанын түсінеді. Ол бірден полицияға жүгінеді. Алаяқтық әрекеттің ізін суытпай ашқан Алматы ауданының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтықтың жалғыз оқиға емес екені белгілі болды. Күдіктінің осындай тәсілмен тағы он адамды алдап, олардың қаржысын иемденгені анықталды. Қазіргі таңда алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті азаматтарды интернеттегі ұсыныстарға сақтықпен қарап, алдын ала тексерусіз бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.
https://sputnik.kz/20241118/alayaqtyq-zhasady-degen-kudikpen-ustalgan-qazaqstan-azamaty-reseyden-ekstraditsiyalandy-48604180.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1040/75/10407544_355:0:1843:1116_1920x0_80_0_0_68593889c487c9c74da479132f3e1c27.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Онлайн курс сатып алған астаналық екі млн теңгеге алданып қалды
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының тұрғыны интернеттегі онлайн курсқа жазылып, алаяқтың құрбанына айналды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас жігіт өзін кәсіби маман ретінде танытып, 25 жастағы жәбірленушіге шаш үлгілерін жасау бойынша онлайн курс ұсынған. Сонымен қатар ол шет елдермен киім саудасын жүргізуге көмектесетін мүмкіндіктер ашатынын айтып, сенім ұялатқан.
Алаяқ өз курсына қызығушылықты арттыру үшін 4 дана "Dyson" шашқа арналған аппаратын сыйлыққа беремін деп уәде еткен. Сеніміне кірген жәбірленуші алаяқтың есепшотына шамамен 2 миллион теңге көлемінде қаражат аударған. Курстың екі күннен кейін басталатынын естіген жәбірленуші оны бір апта бойы күтіп, ақыры алданғанын түсінеді. Ол бірден полицияға жүгінеді.
Алаяқтық әрекеттің ізін суытпай ашқан Алматы ауданының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтықтың жалғыз оқиға емес екені белгілі болды. Күдіктінің осындай тәсілмен тағы он адамды алдап, олардың қаржысын иемденгені анықталды.
Қазіргі таңда алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті азаматтарды интернеттегі ұсыныстарға сақтықпен қарап, алдын ала тексерусіз бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.