https://sputnik.kz/20241118/alayaqtyq-zhasady-degen-kudikpen-ustalgan-qazaqstan-azamaty-reseyden-ekstraditsiyalandy-48604180.html
Алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
Алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін 18.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-18T09:51+0500
2024-11-18T09:51+0500
2024-11-18T09:51+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:1620_1920x0_80_0_0_201305f3ff5b71ccb9c274c8ab7d2e52.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшеріндегі арнайы техниканы, сондай-ақ өзіне тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, қаражатты жымқырған.Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.Айта кетері, мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
https://sputnik.kz/20241112/qazaqstanda-eki-zhylda-internet-alayaqtyq-isterinin-sany-270-ga-osti--zhogargy-sot-48453840.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:2160_1920x0_80_0_0_c4ae3e2cdee4b4d85260984444426a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
Ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшеріндегі арнайы техниканы, сондай-ақ өзіне тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, қаражатты жымқырған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.
"Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.