https://sputnik.kz/20241230/arbir-ushinshi-qazaqstandyq-beyresmi-zhumys-isteydi-nemese-tabysyn-zhasyrady-49613041.html
Әрбір үшінші қазақстандық бейресми жұмыс істейді немесе табысын жасырады
Әрбір үшінші қазақстандық бейресми жұмыс істейді немесе табысын жасырады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда жұміс істейтін әрбір үшінші адам бейресми еңбек етеді немесе жалақысын жасырады, деп хабрлады Energyprom.kz. 30.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-30T08:00+0500
2024-12-30T08:00+0500
2024-12-30T08:00+0500
табыс
жұмыс
https://sputnik.kz/img/old/1265/33/12653398_0:419:6016:3803_1920x0_80_0_0_78e4939188c183d235b63758102776fe.jpg
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда жұміс істейтін әрбір үшінші адам бейресми еңбек етеді немесе жалақысын жасырады, деп хабрлады Energyprom.kz.Салдарынан әлеуметтік кепілдік жоқ, еңбек құқықтары қорғалмайды және болашақ зейнетақымен қамтамасыз етілмеген.Adam Research талдаушылары "Қазақстандағы еңбек және жұмыспен қамту нарығының ерекшеліктері" туралы зерттеу жүргізген. Әлеуметтік сауалнамаға жауап берген респонденттердің 36,4%-і бейресми жұмыс істейтінін айтқан. Бұл көрсеткіш әсіресе ерлер арасында жоғары.Бейресми жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі – "конвертпен жалақы" алатындар. Бірақ тұрақты жұмысы жоқ, құжаттарды рәсімдемей, толық емес жұмыс күнімен айналысатындар әлдеқайда аз.Adam Research 12 маусымнан 21 тамызға дейін 18 жастан үлкен қазақстандықтарға телефон шалу арқылы зерттеу жүргізген.Сауалнама 17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыған. Нәтижесінде бейресми жұмыс істейтін тұрғыны көп Түркістан және Алматы облыстары, сондай-ақ Шымкент екені белгілі болды.Ұлттық статистика бюросының "Талдау" ақпараттық-талдау жүйесінің ресми деректеріне сәйкес, өткен жылы Қазақстанда бейресми жұмыс істейтін 1,2 млн адам болған. Олардың көпшілігі — 682,5 мың адам-экономиканың ресми секторында, яғни заңды кәсіпорындарда, бірақ еңбек шартынсыз, ауызша келісім бойынша жұмыс істеген. 2023 жылы мұндай адамдар саны 2022 жылмен салыстырғанда 3,6%-ке өскен.
https://sputnik.kz/20241226/13-mynnan-astam-qazaqstandyq-arnauly-aleumettik-tolem-alady-49564778.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1265/33/12653398_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_900fb7801fbe64dc962f7e7ad6de2730.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
табыс, жұмыс
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда жұміс істейтін әрбір үшінші адам бейресми еңбек етеді немесе жалақысын жасырады, деп хабрлады Energyprom.kz.
Салдарынан әлеуметтік кепілдік жоқ, еңбек құқықтары қорғалмайды және болашақ зейнетақымен қамтамасыз етілмеген.
Adam Research талдаушылары "Қазақстандағы еңбек және жұмыспен қамту нарығының ерекшеліктері" туралы зерттеу жүргізген. Әлеуметтік сауалнамаға жауап берген респонденттердің 36,4%-і бейресми жұмыс істейтінін айтқан. Бұл көрсеткіш әсіресе ерлер арасында жоғары.
Бейресми жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі – "конвертпен жалақы" алатындар. Бірақ тұрақты жұмысы жоқ, құжаттарды рәсімдемей, толық емес жұмыс күнімен айналысатындар әлдеқайда аз.
Adam Research 12 маусымнан 21 тамызға дейін 18 жастан үлкен қазақстандықтарға телефон шалу арқылы зерттеу жүргізген.
Сауалнама 17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыған. Нәтижесінде бейресми жұмыс істейтін тұрғыны көп Түркістан және Алматы облыстары, сондай-ақ Шымкент екені белгілі болды.
Ұлттық статистика бюросының "Талдау" ақпараттық-талдау жүйесінің ресми деректеріне сәйкес, өткен жылы Қазақстанда бейресми жұмыс істейтін 1,2 млн адам болған. Олардың көпшілігі — 682,5 мың адам-экономиканың ресми секторында, яғни заңды кәсіпорындарда, бірақ еңбек шартынсыз, ауызша келісім бойынша жұмыс істеген. 2023 жылы мұндай адамдар саны 2022 жылмен салыстырғанда 3,6%-ке өскен.