https://sputnik.kz/20241228/mangystau-oblysyndagy-teniz-suyn-tuschytu-zauytynyn-qurylysy-qashan-ayaqtalady-49633349.html
Маңғыстау облысындағы теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы қашан аяқталады
Маңғыстау облысындағы теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы қашан аяқталады
Sputnik Қазақстан
Зауытты пайдалану кезінде 116 тұрақты жұмыс орны ашылады 28.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-28T20:49+0500
2024-12-28T20:49+0500
2024-12-28T20:49+0500
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/113/58/1135872_0:89:3076:1819_1920x0_80_0_0_f3633a598b59323a73c981925a9c5f9b.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында "Кендірлі" су тұщыту зауытының құрылыс алаңына барды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт Жаңаөзенде және жақын маңдағы елдімекендерде ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған, сондай-ақ "Астрахань-Маңғышлақ" магистральды су құбырына техникалық жүктемені азайтуға да ықпал етеді.ҚМГ басшысы негізгі өндірістік ғимараттардың бірі — су тұщыту цехы, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, бас сорғы станциясының және басқа да қосалқы алаңдардың құрылыс барысымен танысты.Ол сондай-ақ 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін су тұщыту зауытын толық аяқтап, пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.Зауытты салу жұмыстарына 654 адам, 200-ден астам құрылыс машинасы мен механизмдер (соның ішінде автожол және теңіз түбін тереңдету техникасы) жұмылдырылды. Жаңаөзенге тұщытылған суды жеткізу үшін ұзындығы 201 км (2 тармақ) магистральды су құбырын және ұзындығы 80 км-ден астам электр беру желілерін салу жұмыстары аяқталды.
https://sputnik.kz/20220915/mangystauda-turgyndar-su-27604948.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/113/58/1135872_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_394fdba712902e614db8a059e192c305.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз
Маңғыстау облысындағы теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы қашан аяқталады
Зауытты пайдалану кезінде 116 тұрақты жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында "Кендірлі" су тұщыту зауытының құрылыс алаңына барды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт Жаңаөзенде және жақын маңдағы елдімекендерде ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған, сондай-ақ "Астрахань-Маңғышлақ" магистральды су құбырына техникалық жүктемені азайтуға да ықпал етеді.
ҚМГ басшысы негізгі өндірістік ғимараттардың бірі — су тұщыту цехы, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, бас сорғы станциясының және басқа да қосалқы алаңдардың құрылыс барысымен танысты.
"Жобаны іске асыру өңірді ауыз сумен қамтуды жақсарту жолындағы маңызды қадам болмақ. Бұл зауыт Жаңаөзен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, сондай-ақ өңір өнеркәсібінің тұрақты дамуына ықпал етеді", — деп атап өтті Хасенов.
Ол сондай-ақ 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін су тұщыту зауытын толық аяқтап, пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Зауытты салу жұмыстарына 654 адам, 200-ден астам құрылыс машинасы мен механизмдер (соның ішінде автожол және теңіз түбін тереңдету техникасы) жұмылдырылды. Жаңаөзенге тұщытылған суды жеткізу үшін ұзындығы 201 км (2 тармақ) магистральды су құбырын және ұзындығы 80 км-ден астам электр беру желілерін салу жұмыстары аяқталды.