https://sputnik.kz/20241228/azerbayzhan-ministri-mangystaulyq-darigerlerge-algys-aytty-49640809.html
Әзербайжан министрі маңғыстаулық дәрігерлерге алғыс айтты
Әзербайжан министрі маңғыстаулық дәрігерлерге алғыс айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне... 28.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-28T18:54+0500
2024-12-28T18:54+0500
2024-12-28T19:24+0500
ұшақ апаты
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1c/49632304_0:208:540:512_1920x0_80_0_0_b86e2af488c8574f2034b03db0ba2c56.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Маңғыстау облысының баспасөз қызметі.Хатта "Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтамыз. Апат кезінде жоғары кәсібилігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне, білікті дәрігерлерге, ауыр халде жеткізілген науқастарға жоғары дәрежеде ем-дом көрсеткен мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз" делінген.Сонымен қатар Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына, зардап шеккендерді құтқаруға және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық дәрігерге алғысын білдірді.Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.
https://sputnik.kz/20241228/putin-alievke-telefon-sogyp-azal-ushagynyn-apatqa-ushyrauyna-baylanysty-keshirim-surady-49636333.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1c/49632304_0:158:540:563_1920x0_80_0_0_9d81a2e22133516305aab9825c6dedd4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ апаты
Әзербайжан министрі маңғыстаулық дәрігерлерге алғыс айтты
18:54 28.12.2024 (жаңартылды: 19:24 28.12.2024) АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Маңғыстау облысының баспасөз қызметі.
Хатта "Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтамыз. Апат кезінде жоғары кәсібилігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне, білікті дәрігерлерге, ауыр халде жеткізілген науқастарға жоғары дәрежеде ем-дом көрсеткен мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз" делінген.
Сонымен қатар Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына, зардап шеккендерді құтқаруға және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық дәрігерге алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.