Жылу және электрмен жабдықтау саласындағы монополистер халыққа 5,4 млрд теңгені қайтарады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБатарея, радиатор отопления, иллюстративное фото
Батарея, радиатор отопления, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Жазылу
Оның 4,2 млрд теңгесі жылумен жабдықтау саласына, ал 1,2 млрд теңгесі электрмен жабдықтау саласына тиесілі
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Жылумен және электрмен жабдықтау саласындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін монополистер қазақстандықтарға 5,4 миллиард теңге қайтарады, деп хабарлады Ranking.kz.
Қазақстандағы табиғи монополиялар субъектілері тарифтік смета және инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы жыл сайын есеп беруге міндетті.
2023 жылға арналған есептер талданды. Оның қорытындысы бойынша 108 табиғи монополиялар субъектісі үшін жылумен және электрмен жабдықтау қызметтеріне жалпы сомасы шамамен 5,4 млрд теңгеге уақытша өтемдік тариф (УӨТ) бекітілді.
"Оның 4,2 млрд теңгесі жылумен жабдықтау саласына, ал 1,2 млрд теңгесі электрмен жабдықтау саласына тиесілі. Демек дәл осы сома қазақстандықтарға тарифтерді төмендету түрінде қайтарылады", - деп жазды портал.
Айта кетері, биыл сумен жабдықтау және су бұру үшін УӨТ көрсеткіші былтырғыдан едәуір жоғары, ал жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау саласында, керісінше, көрсеткіш төмендеді. Мұндай бақылау монополистерді тәртіпке салады, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және сапалы қызмет көрсетуге ықпал етеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2024
"ҚазТрансГаз Аймақ" тұтынушыларға 1,2 млрд теңгені қайтарады
Жаңалықтар
0