"ҚазТрансГаз Аймақ" тұтынушыларға 1,2 млрд теңгені қайтарады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2024
Жазылу
Пломбалау және газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан ақы алу сияқты бірқатар заң бұзушылық анықталды
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд теңге сомасы қайтарылады, деп хабарлады Экономика министрлігі.
ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері Бас прокуратура талабының шеңберінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның өндірістік филиалдарына қатысты бірқатар өңірде жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру іс-шараларының нәтижесі бойынша "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалдарының іс-әрекеттерінде реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша кесу, пломбалау және газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан ақы алу сияқты бірқатар заң бұзушылық анықталды.
"Осы қызметтер үшін негізсіз есептеулер сомасы шамамен 1,2 млрд теңгені құрады. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның филиалдарына қатысты жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғалды", - делінген хабарламада.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті аумақтық бөлімшелері монополист-субъектінің филиалдарының атына негізсіз есептелген сомаларды қайтару және кесу, пломбалау мен газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін ақы алу бойынша практиканы тоқтату арқылы заң бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар енгізді.
Жаңалықтар
0