Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда. Виды зимой
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, деп хабарлайды Ақорда.
Үкіметке "Жұмысшы мамандықтар" жылын атап өту бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.
"Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, президент биылғы Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялайтынан айтқан.
"Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз", - деді Тоқаев.
Мемлекет басышысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеді.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2024
Қазақстанда мыңдаған жұмысшы жалақысын алмаған – үкімет қарыздың сомасын жариялады
Жаңалықтар
0