https://sputnik.kz/20240902/prezident-2025-zhyldy-zhumysshy-mamandyqtary-zhyly-dep-zhariyalady--46745411.html
Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады
Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады
Sputnik Қазақстан
Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады, деді президент 02.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-02T12:00+0500
2024-09-02T12:00+0500
2024-09-02T11:59+0500
қазақстан халқына арналған жолдау
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45773835_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_5db6b61759c4230a50700ef1fca8d2b3.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қазақстан халқына жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша өзекті мәселе екенін айтып, бұл экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам деп атады. Мемлекет басышысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеді."Бұл біз ұсынып отырған "Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс" қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі", - деді Тоқаев. Ол кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алатынын айтты. Президенттің пікірінше, бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. "Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек", - деді Қазақстан президенті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45773835_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_017365d81b72e31590e13d225cfed233.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан халқына арналған жолдау
қазақстан халқына арналған жолдау
Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады
Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады, деді президент
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қазақстан халқына жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша өзекті мәселе екенін айтып, бұл экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам деп атады.
"Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз", - деді Тоқаев.
Мемлекет басышысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеді.
"Бұл біз ұсынып отырған "Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс" қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі", - деді Тоқаев.
Ол кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алатынын айтты. Президенттің пікірінше, бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет.
"Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек", - деді Қазақстан президенті.