2050 жылға қарай 70% қазақстандық қалада тұрады - сарапшы
© Sputnik/Ертай СарбасовМеста отдыха в Алматы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 желтоқсан - Sputnik. ЕРДО сарапшыларының пікірінше, 2050 жылға қарай Қазақстанда қала халқының үлесі 70% болады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ демографиялық болжам дайындады.
"2030 жылға қарай Қазақстанның қала халқының саны 13%-ке артып, 14 млн адамға жетеді, ал 2050 жылға қарай 57%-ке өсіп, 19,3 миллион болады. Сонымен бірге, 2030 жылға қарай ауыл халқының саны тек 1%-ға, 7,7 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай шамамен 9%-ке, 8,2 млн адамға дейін өседі", - деп жазды еңбек ресурстарын дамыту орталығы.
Болжам бойынша, 2030 жылға қарай Астана, Алматы, Шымкентте халық саны артады. Үш мегаполистегі халық саны жалпы қала халқының санының 43%-ін құрайтын болады, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 51%-ке дейін ұлғаяды.