Премьер-министр ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты қысқартуды тапсырды

© Sputnik / Ирина АдамоваШкола в здании бани
Школа в здании бани - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Бүгінгі таңда үш ауысымда оқытатын мектептердің 57%-ы ауылдық жерде – көпшілігі Алматы және Түркістан облыстарында орналасқан.
Апатты жағдайдағы мектептердің 76%-ы да ауылдық елді мекендерде. Олар негізінен Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында орналасқан.
Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында ауыл мен қала мектептерінің арасындағы оқыту сапасының, әсіресе, математика, физика және шет тілдері бойынша біліктілігі жоғары мамандардың тапшылығынан туындаған алшақтықты қысқартудың маңыздылығына назар аударды.
Премьер-министр оқу-ағарту министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, ауыл мектептері мұғалімдерінің біліктілік деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекке қарай шалғай өңірлерді ерекше назарға ала отырып, ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетке қосуды аяқтау тапсырылды. Өңір әкімдіктеріне әртүрлі үйірмелер мен секциялардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың қыркүйегіне дейін мектептен тыс ұйымдардың комьюнити-орталықтарын немесе филиалдарын ашу жөніндегі жұмысты аяқтау тапсырылды.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2024
Ресейде қазақ тілді мектептер қалай ашылады - министр түсініктеме берді
Жаңалықтар
0