Ұшақ апаты: Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компания өкілдері келеді
09:27 26.12.2024 (жаңартылды: 09:49 26.12.2024)
© МЧС Республики Казахстан
/ Жазылу
Ұшақ апатын тергеу бойынша комиссия құрылды
АСТАНА, 26 желтоқсан— Sputnik. Қазақстан көлік министрлігі ұшақ апатына байланысты авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясын құрды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
"Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрды. Ведомствоның көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнында. Тергеп-тексерудің қырдағы кезеңі аясында жұмыстар жүргізілуде", - делінген министрлік хабармасында.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанға Әзербайжан Республикасы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы , сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді.
Жұмыстар Әзербайжанның авиациялық билігімен бірлесе жүргізілуде, деп атап өтті министрлік
Сондай-ақ, Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компания өкілдері және CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) ұшып келеді.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия құрамында көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, "Қазаэронавигация" РМК бас директоры Нұржан Ахметов бар.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта 69 адам болған.
Ақтауда жүрген вице-премьер Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын айтқан болатын. Оның мәліметінше 11 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Құтқарушылар "қара жәшікті" Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы құлаған жерден тапты.

Көлік министрі Марат Қарабаев ұшақта болған 6 қазақстандықтың барлығы қаза тапқанын айтты.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау қаласы маңындағы әуе апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөнін жариялады.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау қаласы маңындағы әуе апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөнін жариялады.