Рейс алдында көлік тексеріледі: жеке тасымалдаушыларға қатысты талаптар күшіне енеді

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуЗнак "Пешеходный переход" на дороге, архивное фото
Знак Пешеходный переход на дороге, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту жөніндегі талаптардың өзгеруіне назар аударылды. Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа нормалардың сақталуын бақылау қалай жүзеге асырылатыны туралы мәселені шешуді көлік министрі Марат Қарабаевтан сұрады.
"Рейске шықпас бұрын ол көлікті көзбен шолып тексереді, суретке түсіреді және жалпы базаға жібереді. Осыдан кейін ғана ол рұқсат алады. Рейс алдындағы физикалық тексеруге келетін болсақ, ол онлайн режимінде де жүзеге асырылады. Жүргізушілер жолға шығар алдында автопарктерде куәландырудан өтуге міндетті. Қажетті арнайы жабдық сатып алынуда. Қазір олар жеткіліксіз. Сонымен қатар мұндай жабдық жанармай құю стансасында орнатылады. Мұндай тетіктер интернет-агрегаторлар үшін қарастырылған", – деді Марат Қарабаев.
Праворульный автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Рөлі оң жақта орналасқан көліктер такси қызметін атқара алмайды – министрлік
Жаңалықтар
0