https://sputnik.kz/20241023/roli-on-zhaqta-ornalasqan-kolikter-taksi-qyzmetin-atqara-almaydy--ministrlik-48036851.html
Рөлі оң жақта орналасқан көліктер такси қызметін атқара алмайды – министрлік
Рөлі оң жақта орналасқан көліктер такси қызметін атқара алмайды – министрлік
Sputnik Қазақстан
Екі есігі бар көліктер де шеттетіледі 23.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-23T17:56+0500
2024-10-23T17:56+0500
2024-10-23T17:56+0500
көлік
https://sputnik.kz/img/07e8/01/08/41415167_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_d7046c52481fd0e51ba462af991534d8.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха рөлі оң жақта орналасқан көліктерге такси қызметімен айналысуға тыйым салынғанын еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Лепеханың айтуынша, көлік министрінің арнайы бұйрығы бар. Оған сәйкес, рөлі оң жақта орналасқан көліктермен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынды. Бірақ ондай адамдарды жазаға тарту қиын.Оның айтуынша, қазіргі кезде InDrive пен Яндекс.Такси арнайы меморандумға қол қойды. Соның аясында такси агрегаторлары рөлі оң жақта орналасқан көлік иелерімен келісімшарт жасамайды. Екі есігі бар көліктер де шеттетіледі."Бұл меморандумдар 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Заңға да тиісті өзгерістер енгізілді. Сол себепті 1 қаңтарда бастап біз осы мәселеге қатысты шараларды күшейтеміз", - деп атап көрсетті министрдің орынбасары.
https://sputnik.kz/20230829/roli-on-zhagynda-ornalasqan-kolikterdi-akeluge-tyyym-salynady-38033028.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/08/41415167_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7dc936f99b5cd0ff53f66c1c3ec7dda3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік
Рөлі оң жақта орналасқан көліктер такси қызметін атқара алмайды – министрлік
Екі есігі бар көліктер де шеттетіледі
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха рөлі оң жақта орналасқан көліктерге такси қызметімен айналысуға тыйым салынғанын еске салды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Лепеханың айтуынша, көлік министрінің арнайы бұйрығы бар. Оған сәйкес, рөлі оң жақта орналасқан көліктермен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынды. Бірақ ондай адамдарды жазаға тарту қиын.
"Оларды полиция тоқтатқанда, салондағы адамдар туыстарым немесе достарым дей салады, тойға бара жатыр дейді. Ол адамдар да үндемей отырады. Біз ондай көліктердің адам тасымалдаумен айналысып жүргенін білеміз, бірақ жауапқа тарта алмай жатамыз", - деді Лепеха журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде InDrive пен Яндекс.Такси арнайы меморандумға қол қойды. Соның аясында такси агрегаторлары рөлі оң жақта орналасқан көлік иелерімен келісімшарт жасамайды. Екі есігі бар көліктер де шеттетіледі.
"Бұл меморандумдар 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Заңға да тиісті өзгерістер енгізілді. Сол себепті 1 қаңтарда бастап біз осы мәселеге қатысты шараларды күшейтеміз", - деп атап көрсетті министрдің орынбасары.