Орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салынған жоқ – себебі белгілі болды

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
4 желтоқсанда жол ережесіне енгізілген маңызды өзгеріс күшіне енді
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха орташа жылдамдық бұзған жүздеген көлік жүргізушісіне айыппұл салынбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде ақылы жолдарда нақты 16 учаскеде орташа жылдамдықты есептеу жүйесі енгізілді. Тасжолдарда орнатылған бейнебақылау камералары көліктің бір аркадан екінші аркаға дейінгі уақытын тіркеп, ең соңында орташа жылдамдығын есептеп шығарады.
"Бұл жүйе әзірше тесттік режимде істеп тұр. Осы айдың ішінде орташа жылдамдықты бұзудың 585 фактісі анықталды. Тесттік режим болғасын айыппұл салынбайды", - деді Лепеха журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда министрдің орынбасары тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Бүгінде бірде-бір адамды орташа жылдамдықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартқан жоқ.
Айта кетері, 4 желтоқсанда жол ережесіне енгізілген маңызды өзгеріс күшіне енді. Оған сәйкес, халықаралық және республикалық жолдарда орташа жылдамдықты асырған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады. Айыппұлдың көлемі 5-40 АЕК (2024 жылда 18 460 – 147 680 теңге) болады. Мәселен, орташа жылдамдықты 60 шақырымға асырғандарға 150 мың теңге төлеуге тура келеді.
Виды Астаны зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2024
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді
Жаңалықтар
0