200 мың теңгенің төлемі 13 мыңнан астам адамға тағайындалды - министрлік

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда бір жылдың ішінде жаңадан енгізілген әлеуметтік төлемдер 13 мыңнан астам адамға тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындала бастады.
"2024 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша 13 423 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 195 адам өтініш білдірген", - делінген ресми хабарламада.
Бүгінде төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады. Оны бірнеше жерден - республикалық бюджет, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымынан төлейді.
2024 жылда төлем алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны тіркелген өңірлер:
Қарағанды облысы – 2 472 адам;
Қостанай облысы - 1 515 адам;
Шығыс Қазақстан облысы – 1 491 адам;
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау талаптары:
55 жаста болу;
кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы;
Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді.
Оған дейін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысуға болмайды. Жеңіл жұмысқа ауысуға рұқсат бар. Сонда жалақы мен төлем алуға мүмкіндік болады. Ал демалысқа шыққан жағдайда зейнет жасқа дейін арнаулы әлеуметтік төлем беріледі. БЖЗҚ мәліметіне сәйкес, 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер арнаулы әлеуметтік төлемді алуға құқылы болды.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2024
13 мыңнан астам қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алады
Жаңалықтар
0