Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Ресей активтерінен миллиард доллар алғанын жариялады

© AP Photo / Efrem LukatskyФлаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом "Родина-мать" в Киеве
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Киев ресейлік бұғатталған активтерден түскен кіріс есебінен өтелетін несиенің бірінші траншын алды, деп хабарлады Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Telegram-каналында. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Украина Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен кіріс есебінен АҚШ-тан бір миллиард доллар алды. Бұл G7 бастамасы аясында Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану арқылы АҚШ бөлетін жоспарланған 20 миллиард доллардың бірінші траншы", - деп жазды премьер-министр.
Қазан айында "Үлкен жетілік" елдерінің қаржы министрлері Киевке берілген кредит 2024 жылдың желтоқсанынан 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін толығымен төленетінін айтқан. Содан кейін Украинаға "Үлкен жетілікке" мүше елдерден екіжақты кредиттер бөлінеді, олардың әрқайсысы 2025 жылдың 30 маусымынан кешіктірілмей күшіне енеді.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттап тастады. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр. Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Видео интервью Сергея Лаврова Такеру Карлсону - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина мәселесін Мәскеу мен Вашингтон ғана шешпейді – Лавров
Жаңалықтар
0