https://sputnik.kz/20241206/ukraina-maselesin-maskeu-men-vashington-gana-sheshpeydi--lavrov-49077287.html
Украина мәселесін Мәскеу мен Вашингтон ғана шешпейді – Лавров
Украина мәселесін Мәскеу мен Вашингтон ғана шешпейді – Лавров
Sputnik Қазақстан
Лавров Украина бойынша келіссөз мәселесінде Ресейдің рөліне қатысты пікір білдірді 06.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-06T11:26+0500
2024-12-06T11:26+0500
2024-12-06T11:36+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
сұхбат
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/06/49075622_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d9aa59a8a911298581293a445778d4bf.jpg
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Мәскеу мен Вашингтон Украина бойынша келіссөз мәселесінде "барлығы үшін" шешім қабылдайтындай етіп көрсетпеу керек, деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.АҚШ Ресейдің Украинада жеңіске жетуіне жол бере алмайтынын айтады, өйткені бұл америкалық үстемдік саналатын "ережеге негізделген әлемдік тәртіпті" бұзады, деді ресейлік министр."Джо Байден әкімшілігінің тұсында Солтүстік Атлантикалық альянс бүкіл Еуразия құрылығына көз салды. Бұл Үнді-Тынық мұхиты стратегиялары, Оңтүстік Қытай теңізі және Шығыс Қытай теңізі қазірдің өзінде НАТО-ның күн тәртібінде тұр. Блок инфрақұрылымды сонда жылжытып жатыр. Олар АУКУС құрып, Үнді-Тынық мұхиты төрттігін құрды (Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея). АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония ядролық компоненттері бар бөлек әскери одақ құруда", - деді ол.Лавров Йенс Столтенбергтің 2023 жылы НАТО-ның сол кездегі бас хатшысы қызметін атқарып жүрген кезінде Атлантикалық қауіпсіздік Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі деп мәлімдеген сөздерін еске салды.Сергей Лавровтың америкалық TCN телеарнасына берген сұхбатын видеодан көруге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/06/49075622_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_f69efc263a58a518d2b510ca7dee626f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сұхбат, видео
Украина мәселесін Мәскеу мен Вашингтон ғана шешпейді – Лавров
11:26 06.12.2024 (жаңартылды: 11:36 06.12.2024) Лавров Украина бойынша келіссөз мәселесінде Ресейдің рөліне қатысты пікір білдірді
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Мәскеу мен Вашингтон Украина бойынша келіссөз мәселесінде "барлығы үшін" шешім қабылдайтындай етіп көрсетпеу керек, деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Еуропалықтар "келіссөз шарттарын Владимир Зеленский белгілемеу керек, бұл АҚШ пен Ресейдің міндеті" деп пікір білдіріп жатыр. Менің ойымша, бұл мәселені екі мемлекет қана шешетіндей етіп көрсетпеуіміз керек. Олай емес. Бұл біздің стиль емес. Біз БРИКС пен ШЫҰ елдеріндегідей әрекет етуді жөн көреміз. Ол ұйымдарда БҰҰ Жарғысында бекітілген мемлекеттердің егеменді теңдігі қағидасы шын мәнінде жүзеге асады. АҚШ бұл принципті елемеуге үйренген", - деді ол америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында.
АҚШ Ресейдің Украинада жеңіске жетуіне жол бере алмайтынын айтады, өйткені бұл америкалық үстемдік саналатын "ережеге негізделген әлемдік тәртіпті" бұзады, деді ресейлік министр.
"Джо Байден әкімшілігінің тұсында Солтүстік Атлантикалық альянс бүкіл Еуразия құрылығына көз салды. Бұл Үнді-Тынық мұхиты стратегиялары, Оңтүстік Қытай теңізі және Шығыс Қытай теңізі қазірдің өзінде НАТО-ның күн тәртібінде тұр. Блок инфрақұрылымды сонда жылжытып жатыр. Олар АУКУС құрып, Үнді-Тынық мұхиты төрттігін құрды (Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея). АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония ядролық компоненттері бар бөлек әскери одақ құруда", - деді ол.
Лавров Йенс Столтенбергтің 2023 жылы НАТО-ның сол кездегі бас хатшысы қызметін атқарып жүрген кезінде Атлантикалық қауіпсіздік Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі деп мәлімдеген сөздерін еске салды.
Сергей Лавровтың америкалық TCN телеарнасына берген сұхбатын видеодан көруге болады.