Астанада 28-31 желтоқсан күндері мерекелік соғым FEST өтеді

© Photo : pixabay / congerdesignГовядина
Говядина - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Астанада 28-31 желтоқсан аралығында кезекті соғым FEST өтеді. Оған Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" СОО тұрағында өтеді.
Сондай-ақ, сауда-ойын-сауық орталығында осы күндері қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. сатып ала алады.
Жәрмеңке 28-31 желтоқсан күндері таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Соғым FEST 28-31 желтоқсанда сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.
Мясная продукция - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2024
Жалған мөр соққан: елордада тиісті тексеруден өткізілмеген ет сатылған
Жаңалықтар
0