https://sputnik.kz/20241225/aqtauga-azerbayzhannan-komissiya-keldi-49554219.html
Ақтауға Әзербайжаннан комиссия келді
Ақтауға Әзербайжаннан комиссия келді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтауға ұшақ апатын бірлесіп тергеу үшін Әзербайжаннан арнайы комиссия келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық... 25.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-25T16:02+0500
2024-12-25T16:02+0500
2024-12-25T16:06+0500
ұшақ апаты
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/19/49554029_0:97:1280:817_1920x0_80_0_0_d05cca4fc0538c84103f1b53ea35e3fd.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтауға ұшақ апатын бірлесіп тергеу үшін Әзербайжаннан арнайы комиссия келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.Делегацияны Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі бастап келді.Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәудет Қилыбай пен Әзербайжан үкіметінің өкілдері құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады. Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты.Айта кетері, Әзербайжаннан келген комиссияның құрамына төтенше жағдайлар министрінен бөлек бас прокурордың орынбасары, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, азаматтық авиация агенттігі басшысының орынбасары және AZAL әуе компаниясының вице-президенті кіреді.Сондай-ақ осы елдің президенті Ильхам Әлиев ұшақ апатын тергеу бойынша мемлекеттік комиссияны құруды тапсырды. Оны премьер-министр Әли Асадов басқарады.Қазақстан да Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін үкіметтік комиссия құрды. Ал Тоқаев Әзербайжан президентіне көңіл айтты. Еске сала кетейік, бүгін Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж болған. Жаңартылған мәлімет бойынша 32 адам апаттан аман қалған.
https://sputnik.kz/20241225/toqaev-azerbayzhan-prezidentine-konil-aytty-49553111.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/19/49554029_32:0:1249:913_1920x0_80_0_0_4483c6d9de052a34599c7adad70a6e9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ апаты, ақтау
Ақтауға Әзербайжаннан комиссия келді
16:02 25.12.2024 (жаңартылды: 16:06 25.12.2024) АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтауға ұшақ апатын бірлесіп тергеу үшін Әзербайжаннан арнайы комиссия келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Делегацияны Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі бастап келді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәудет Қилыбай пен Әзербайжан үкіметінің өкілдері құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады. Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
Айта кетері, Әзербайжаннан келген комиссияның құрамына төтенше жағдайлар министрінен бөлек бас прокурордың орынбасары, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, азаматтық авиация агенттігі басшысының орынбасары және AZAL әуе компаниясының вице-президенті кіреді.
Сондай-ақ осы елдің президенті Ильхам Әлиев ұшақ апатын тергеу бойынша мемлекеттік комиссияны құруды тапсырды. Оны премьер-министр Әли Асадов басқарады.
Қазақстан да Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін
үкіметтік комиссия құрды. Ал Тоқаев Әзербайжан президентіне
көңіл айтты. Еске сала кетейік, бүгін Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж болған. Жаңартылған мәлімет бойынша 32 адам апаттан аман қалған.