Үкімет Ақтау маңында болған ұшақ апатын тексеру үшін комиссия құрды

© Photo : Kuspanov_Zhaslan@mail.ruЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Комиссия құрамына премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.
Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды.
Қазақстан үкіметі Әзербайжан үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.
Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ақтаудағы ұшақ құлаған жерге Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техника жетті. Ұшақ бортында Қазақстан азаматтары да бар.
Денсаулық сақтау министрлігі 28 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында балалар да бар
Жаңалықтар
0