"Бәріміз жұмыссыз қалатын болдық": Бектенов жасанды интеллект тиімділігі туралы

© Photo : Telegram-канал SputnikҚазақстан үкіметінің AstanaHub ғимаратындағы отырысы
Қазақстан үкіметінің AstanaHub ғимаратындағы отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Жазылу
Жасанды интеллект үкімет отырысының аудиожазбасы негізінде бірден хаттаманың мәтіндік нұсқасын жасады
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Бүгін жасанды интеллект алғаш рет үкімет отырысының хаттамасын шығарып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жасанды интеллект отырыстың аудиожазбасы негізінде бірден хаттаманың мәтіндік нұсқасын жасады. Онда отырыстың тақырыбы, мазмұны және берілген тапсырмалар орыс тілінде толығымен көрсетілді. Хаттама автоматты түрде мемлекеттік органдарға да жіберілді. Сол кезде премьер-министр жасанды интеллекттің үкімет үшін қандай “қауіп” төндіретінін ашық айтты.
“Олай болса, бәріміз жұмыссыз қалатын болдық қой. Хаттаманы өзі дайындайды, тапсырманы өзі береді. Біз не істейміз?”, - деді Бектенов.
Айта кетері, бүгінгі отырыста жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды ассистент таныстырылды. Сондай-ақ, үкімет отырысында жасанды интеллект әкімге ақыл берді.
Жасанды интеллект логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Жасанды интеллект халыққа қызмет көрсетеді - министр виртуалды ассистентті көрсетті
Жаңалықтар
0