Жасанды интеллект халыққа қызмет көрсетеді - министр виртуалды ассистентті көрсетті

© AFP 2024 / KIRILL KUDRYAVTSEVЖасанды интеллект логотипі
Жасанды интеллект логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Жазылу
Электронды үкіметтің мобильді қосымшасына кіргенде виртуалды ассистенттің қызметіне жүгінуге болады
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды ассистентті таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысы цифрлық кеңседе өтті. Сол жерде цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды ассистентті таныстырды.
Қазіргі кезде осы бастама тесттік режимде жұмыс істейді. Оған сәйкес, электронды үкіметтің мобильді қосымшасына кіргенде виртуалды ассистенттің қызметіне жүгінуге болады. Экранға ХҚКО қызметкерінің бейнесі шығады. Ол жасанды интеллект негізінде орыс тілінде барлық сұраққа жауап береді, қажетті қызметтің сілтемесін де шығарып береді. Бірақ әзірше сұрақтар баяу өңделеді. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта қазақ тіліндегі нұсқасы да іске қосылады.
“Қазіргі кезде біз Назарбаев университетімен бірге үлкен тілдік модельді дайындап қойдық. Келесі қадам-жаңа функциясын енгізу. “Speech to text” функциясын іске қосқаннан кейін виртуалды ассистент қазақша сөйлейтін болады”, - дейді Мәдиев.
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2024
Ел экономикасының салалар бойынша өсімі - үкімет есебі
Жаңалықтар
0