Биыл мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 633,4 млрд теңге жәрдемақы төленді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұған қосымша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем жасалды.
Қазақстанда 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедек 539,5 мың адам, асыраушысынан айырылған 188,3 мың адам әлеуметтік төлем алады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7%-ке өсті. Ал еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемнің мөлшері де 7%-ке артты.
Жалпы мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 1-топ үшін – 95 496 теңгені, 2-топ үшін – 76 397 теңгені, 3-топ үшін 52 089 теңге.
Биыл 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 59 826 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 64 619 теңге болды.
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
2025 жылдан бастап жәрдемақы 6,5%-ға индекстеледі
Жаңалықтар
0