2025 жылдан бастап жәрдемақы 6,5%-ға индекстеледі

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Жазылу
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5%-ға индекстеледі
АCТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. 2025 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға индекстеледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров брифингте айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Балалы отбасыларға арналған жәрдемақыларды төлеуге 2025 жылға арналған республикалық бюджетте 875,1 млрд теңге қарастырылған. Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек көрсету арқылы жалғасады", — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
Оның айтуынша 2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 76 мың отбасы немесе 403 мың адам АӘК алды.
Бұдан бөлек, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда стипендия көлемі: бакалавриат бойынша 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті. Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18%-ға артты, 2025 жылдан бастап 17%-ға көбейеді.
2025 жылға арналған республикалық бюджетте 42 түрлі әлеуметтік төлемдер бойынша 6 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп.
Республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн-ға жуық қазақстандық отбасы жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алады.
Жаңалықтар
0