https://sputnik.kz/20241218/turkistannyn-erekshe-martebesi-turaly-zan-zhobasy-qabyldandy-49353020.html
Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қабылданды
Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қабылданды
Sputnik Қазақстан
Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет беріледі 18.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-18T12:37+0500
2024-12-18T12:37+0500
2024-12-18T12:37+0500
түркістан
мәртебе
заң жобасы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32130957_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_1bac879eb1ed32c15e9d1dd07833a2f1.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң жобасы аясында бірқатар маңызды бастамалар қолға алынады. Олар:Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан жүз метрлік қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін нысандарды салуға жол берілмейді.Бұдан бөлек, Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет беріледі. Олардың басым бөлігі – 27 құзырет әкімдікте болады.Қала әкімдігіне берілетін негізгі құзіреттер:Бүгін мәжіліс Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.
https://sputnik.kz/20241218/mazhilis-turkistanda-araq-sharap-satuga-tyyym-salu-maselesin-koterdi-49351114.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32130957_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_55e83bcc22d82cd1b505f949d964f0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, мәртебе, заң жобасы
түркістан, мәртебе, заң жобасы
Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қабылданды
Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет беріледі
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасы аясында бірқатар маңызды бастамалар қолға алынады. Олар:
1.
Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру;
2.
Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлердің шығындарының бір бөлігін бюджеттен өтеу;
3.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау.
Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан жүз метрлік қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін нысандарды салуға жол берілмейді.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет беріледі. Олардың басым бөлігі – 27 құзырет әкімдікте болады.
Қала әкімдігіне берілетін негізгі құзіреттер:
жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің пайдаланылуына және оларды күтіп-ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүргізу;
жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштеріне ғылыми реставрация жүргізу бойынша ғылыми-жобалау құжаттамасын келісу;
кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау, сондай-ақ жол бойындағы сервис бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;
туризм инфрақұрылымын дамыту шараларын қабылдау.
Бүгін мәжіліс Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.