https://sputnik.kz/20241218/mazhilis-turkistanda-araq-sharap-satuga-tyyym-salu-maselesin-koterdi-49351114.html
Мәжіліс Түркістанда арақ-шарап сатуға тыйым салу мәселесін көтерді
Мәжіліс Түркістанда арақ-шарап сатуға тыйым салу мәселесін көтерді
Sputnik Қазақстан
Бүгін парламенттің төменгі палатасында Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қаралды 18.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-18T11:03+0500
2024-12-18T11:03+0500
2024-12-18T11:03+0500
мәжіліс
түркістан
мәртебе
заң жобасы
https://sputnik.kz/img/315/58/3155829_0:153:3097:1895_1920x0_80_0_0_e30c30654c0010c9ccf4026ec6ccddc6.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Түркістан қаласында арақ-шарап сатуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін парламенттің төменгі палатасында Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қаралды. Депутат Ардақ Назаров осы заң аясында қалада арақ сатуға да, ішуге де тыйым салуды ұсынды.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, облыста "Ішімдіксіз ауыл" жобасы қолдау тапты. Оған бір жылдың ішінде 30 ауыл қосылды."Бұл бастама Түркістан қаласында да жергілікті зиялы қауыммен, ақсақалдармен, қоғам белсенділерімен талқыланды. Дегенмен Түркістанның негізгі рухани-мәдени бағытымен қатар туристік басымдық да бар. Сол себепті бизнес өкілдерінің тарапынан ол мәселеге де түрлі көзқарас қалыптасып отыр. Аталған мәселе орынды. Алдағы уақытта заң жобасын қабылдап жатқаннан кейін бұл мәселені де тиісті заң нормалары аясында қарастыру қажет деп санаймыз", - деді Тәжібаев.
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/315/58/3155829_182:0:2913:2048_1920x0_80_0_0_389afa4b3e8967d051daafc29c3f07a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, түркістан, мәртебе, заң жобасы
мәжіліс, түркістан, мәртебе, заң жобасы
Мәжіліс Түркістанда арақ-шарап сатуға тыйым салу мәселесін көтерді
Бүгін парламенттің төменгі палатасында Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қаралды
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Түркістан қаласында арақ-шарап сатуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін парламенттің төменгі палатасында Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қаралды. Депутат Ардақ Назаров осы заң аясында қалада арақ сатуға да, ішуге де тыйым салуды ұсынды.
"Өйткені Түркістанды рухани астана деп отырмыз. Бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек, ол жерде бабаларымыз, әулие, батыр билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақ келеді. Сол кезде біздің азаматтарымыз арақ ішіп, алдынан шығатын болса, ұят қой. Сондықтан осы заң аясында арақсыз қала, рухани қала деп, араққа тыйым салуға бола ма?", - деді Назаров.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, облыста "Ішімдіксіз ауыл" жобасы қолдау тапты. Оған бір жылдың ішінде 30 ауыл қосылды.
"Бұл бастама Түркістан қаласында да жергілікті зиялы қауыммен, ақсақалдармен, қоғам белсенділерімен талқыланды. Дегенмен Түркістанның негізгі рухани-мәдени бағытымен қатар туристік басымдық да бар. Сол себепті бизнес өкілдерінің тарапынан ол мәселеге де түрлі көзқарас қалыптасып отыр. Аталған мәселе орынды. Алдағы уақытта заң жобасын қабылдап жатқаннан кейін бұл мәселені де тиісті заң нормалары аясында қарастыру қажет деп санаймыз", - деді Тәжібаев.