Қар жауып, бұрқасындатады: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал Калиев Астана қаласы
 Астана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2024
Жазылу
Еліміздің көп бөлігінде қар жауады
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 19-21 желтоқсанға ауа райы болжамын жасады.
19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді, қар жауып, бұрқасындатады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, екпінді жел тұрады.
19-20 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда оңтүстік-шығыста таулы аймақтарда қатты қар жауады.
21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклонының жылжуына байланысты еліміздің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасы төмендейді. Республика бойынша тұман болжанады.
Түнде ауа температурасы еліміздің батысында 3-13-градус аяздан 5-18 градус аязға дейін, шығысында 10-26 градус аяздан 7-20 градус аязға дейін ауытқиды, қалған аумақтарда ауа температурасының түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 10-20 градус аязға дейін, орталықта 13-25 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 7-13 градус аяз, таулы аудандарда 15-18 градус аязға дейін төмендейді.
Астана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
35 градус аяз: желтоқсанда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0