35 градус аяз: желтоқсанда ауа райы қандай болады

© AP Photo / Sergei GritsАстана, архивтегі фото
Астана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Жазылу
Солтүстік батыс және Солтүстік антициклондардың әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Консультативтік болжамға сәйкес, желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады және екпінді жел соғады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауын-шашын түседі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жаууы мүмкін. Елдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болып, жиі тұман түсуі ықтимал.
Бірінші онкүндікте температура республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -10-18°С-тан -3-10°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан -3+5°С-қа дейін ауытқиды.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -5+5°С-тан, -1-8°С-қа дейін, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда -10-15°С, күндіз -5+5°С-тан +5+12°С-қа дейін ауытқиды.
Елдің батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде -1-8°С, Каспийдың жағалауында +3°С, күндіз +1+8°С. Онкүндіктің соңында күндіз ауа температурасы -5+3°С дейін төмендеуі мүмкін.
Солтүстік батыс және Солтүстік антициклондардың әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының жиі ауытқиды.
"Еліміздің солтүстік жартысында түнде -18-23°С-тан -7-12°С-қа дейін, күндіз -4+1°С-тан -8-13°С-қа дейін. Желтоқсанның екінші жартысының кейбір күндерінде ауа температурасы түнде -25-35°С-қа дейін, күндіз -10-20°С-қа дейін төмендейді", - деп жазылған Қазгидромет хабарламасында.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнгі уақытта -7-18°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +3+12°С-қа дейін ауытқиды. Желтоқсанның үшінші онкүндігінде кейбір күндері аяз күшеюі мүмкін - түнде -15-22°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін.
Жалпы, желтоқсан айында бүкіл ел бойынша температуралық фон климаттық норма шамасында, ал жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп болады деп болжанып отыр.
Жаңалықтар
0