Ауа райы күрт өзгереді: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik/Ертай СарбасовСнег в Алматы
Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2024
Жазылу
14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болуы мүмкін
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнге –14-16 желтоқсанға ауа райы болжамын жасады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына Солтүстік және Оңтүстік циклондар әсер етеді. 14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болуы мүмкін. 16 желтоқсанда қар, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қар жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша көктайғақ болады, тұман түсіп, желдің күшейеді, боран соғады.
"Еліміздің солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 10-18 аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 15-25 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-17 аязға дейін, таулы аудандарда 20-27 аязға дейін төмендейді деп болжанған", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, синоптиктер желтоқсанда 35 градусқа дейін аяз болады деп болжаған еді.
Астана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
35 градус аяз: желтоқсанда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0