https://sputnik.kz/20241212/zhanyma-zhayly-aser-aldym-matvienko-toqaevpen-ne-turaly-soyleskenin-aytty-49258732.html
"Жаныма жайлы әсер алдым": Матвиенко Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты
"Жаныма жайлы әсер алдым": Матвиенко Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Федерерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Ақордада не себепті бөгелгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik... 12.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-12T18:38+0500
2024-12-12T18:38+0500
2024-12-12T18:38+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49235809_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_44d17cad0ae348db1fa5415ba306ac00.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Федерерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Ақордада не себепті бөгелгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Тоқаевпен кездесу 45 минут болуға тиіс еді. Алайда екі сағаттан астам уақытқа созылды."Біздің әңгімеміз өте қызықты, өте мазмұнды болды, сол себепті ұзаққа созылды. Ол өте терең, өз көзқарасы бар, өзіндік пікірі бар адам. Рас, мен онымен пікірлесуден үлкен бір интеллектуалды жаныма жайлы әсер алдым", - деді Матвиенко журналистерге берген сұхбатында.Оның айтуынша, екеуі Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасын жан-жақты талқылаған."Қазақстанның мемлекет басшысы көрнекті саяси қайраткер, кәсіби дипломат, кәсіби парламентарий, соған көзім әбден жетті. Ол Қазақстан Ресейдің стратегиялық әріптесі әрі сенімді одақтасы екенін тағы бір мәрте растады. Бұл дегеніміз, барлық келісім орындалады. Біз үшін өзара тиімді, өзара құрметке негізделген, бір-біріміздің ұлттық мүддеміз ескерілетін ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа көкжиектер ашылып отыр", - деп атап өтті федерация кеңесінің басшысы.Ақордадағы кездесу кезінде ірі жобалар да талқыланды. Соның ішінде АЭС салу бастамасы да бар. Матвиенконың айтуынша, Қазақстан тарапынан "Росатомның" АЭС құрылысына қатысуына қызығушылық бар. Орыс тілді мектептерді ашу жайы да сөз болды."Кім не десе де, ашығын айту керек, Қазақстанда орыс тіліне үлкен құрметпен қарайды. Орыс тілі Коституцияда бекітілген. Мыңнан астам мектепте орыс тілінде білім беріледі. Бұдан бөлек, бірлескен қазақ-орыс мектептері бар. Алдағы уақытта біз орыс мектептерінің құрылысын және мұғалімдерді даярлауды бақылауға аламыз", - дейді Матвиенко.Осы орайда кеңес спикері Қазақстанда орыс тілі мамандарының өте мықты екенін ерекше атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49235809_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_71c30e73c10a6322ac2d62e3f6b36a83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
"Жаныма жайлы әсер алдым": Матвиенко Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Федерерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Ақордада не себепті бөгелгенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаевпен кездесу 45 минут болуға тиіс еді. Алайда екі сағаттан астам уақытқа созылды.
"Біздің әңгімеміз өте қызықты, өте мазмұнды болды, сол себепті ұзаққа созылды. Ол өте терең, өз көзқарасы бар, өзіндік пікірі бар адам. Рас, мен онымен пікірлесуден үлкен бір интеллектуалды жаныма жайлы әсер алдым", - деді Матвиенко журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, екеуі Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасын жан-жақты талқылаған.
"Қазақстанның мемлекет басшысы көрнекті саяси қайраткер, кәсіби дипломат, кәсіби парламентарий, соған көзім әбден жетті. Ол Қазақстан Ресейдің стратегиялық әріптесі әрі сенімді одақтасы екенін тағы бір мәрте растады. Бұл дегеніміз, барлық келісім орындалады. Біз үшін өзара тиімді, өзара құрметке негізделген, бір-біріміздің ұлттық мүддеміз ескерілетін ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа көкжиектер ашылып отыр", - деп атап өтті федерация кеңесінің басшысы.
Ақордадағы кездесу кезінде ірі жобалар да талқыланды. Соның ішінде АЭС салу бастамасы да бар. Матвиенконың айтуынша, Қазақстан тарапынан "Росатомның" АЭС құрылысына қатысуына
қызығушылық бар. Орыс тілді мектептерді ашу жайы да сөз болды.
"Кім не десе де, ашығын айту керек, Қазақстанда орыс тіліне үлкен құрметпен қарайды. Орыс тілі Коституцияда бекітілген. Мыңнан астам мектепте орыс тілінде білім беріледі. Бұдан бөлек, бірлескен қазақ-орыс мектептері бар. Алдағы уақытта біз орыс мектептерінің құрылысын және мұғалімдерді даярлауды бақылауға аламыз", - дейді Матвиенко.
Осы орайда кеңес спикері Қазақстанда орыс тілі мамандарының өте мықты екенін ерекше атап өтті.