Қазақстан "Росатомның" АЭС құрылысына қатысуына қызығушылық танытуда – Матвиенко

© POOL / Медиабанкке өтуПредседатель Совета Федерации РФ Валентина Матвиенко
Председатель Совета Федерации РФ Валентина Матвиенко  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2024
Жазылу
Соңғы шешімді Қазақстан билігі қабылдайды
АЛМАТЫ, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан "Росатоммен" бірлесіп атом электр станциясын салу мәселесін шешіп жатыр, деп хабарлады РФ Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко.

"Қазақстан "Росатомның" атом электр станциясының құрылысына қатысуына қызығушылық танытуда. Бірақ шешім әлі қабылданған жоқ, ол талқыланып жатыр", - деді ол.

"Росатом әлемнің көптеген елінде атом электр станциясын салуда бай тәжірибесі бар. Біз компания осы жобаларды жаңа деңгейде жүзеге асырады, қауіпсіз, экологиялық тұрғыдан сенімді, жоғары дәрежеде кепілдік береді деп үміттенеміз", - деді Валентина Матвиенко.
Федерация кеңесінің төрағасы соңғы шешімді Қазақстанның саяси басшылығы қабылдайтынын атап өтті.
Жаңалықтар
0