https://sputnik.kz/20241212/qazaqstanda-reseyge-aparatyn-avtoban-zhanartyldy-49240287.html
Қазақстанда Ресейге апаратын автобан жаңартылды
Қазақстанда Ресейге апаратын автобан жаңартылды
Sputnik Қазақстан
"Ақтөбе-Қандыағаш" тас жолында төрт жолақты қозғалыс ашылды 12.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-12T14:31+0500
2024-12-12T14:31+0500
2024-12-12T14:31+0500
ресей
қазақстан
жол
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49237888_0:66:1240:764_1920x0_80_0_0_f7936ede2acc485555f2f03902100f96.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. "Қазавтожол" ұлттық компаниясы ұзындығы 96 км республикалық маңызы бар "Ақтөбе – Қандыағаш" автомобиль жолының реконструкциясын аяқтады. "Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1869 км, оның ішінде соңғы жылдары 117 км жол реконструкцияланды. Ал 280 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл дәліз аймақ үшін де, бүкіл ел үшін де стратегиялық маңызды бағыт. Ол Қазақстанның Астраханьға шығуына мүмкіндік береді, Ресей Федерациясымен байланыстырады. Жолдың өткізу қабілеті мен қауіпсіздігі артты, төрт және екі жолақты жол тосқауылмен қоршалған. "Автожолды қайта жаңарту аясында 691 мың тонна асфальтбетон қоспалары төселді, 10 көпір, 4 жол өтпесі, 3 айырбас және темір жол арқылы 1 жол өтпесі салынды, 8 демалыс алаңы, 18 автобус аялдамасы жабдықталды, сондай-ақ 1795 жарықтандыру тірегі орнатылды", - делінген хабарламада. Жоба Қазақстанның Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан бағытындағы жолаушылар ағыны мен транзиттік әлеуетін арттырады. 2025 жылы "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" автомобиль жолын қайта жаңарту жоспарлануда. Жоба EPCM ("жобалау, Құрылыс және пайдалану") тетігі бойынша іске асырылатын болады, бұл мердігерлердің жауапкершілігін күшейтеді және сенімді құрылыс компанияларының қатысуына мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20241205/antikor-turkistan-oblysynda-zhol-salasynda-22-mlrd-tenge-negizsiz-zhumsalganyn-anyqtady-49045993.html
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49237888_68:0:1172:828_1920x0_80_0_0_8cd33764b034441231c66bbf647e3747.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қазақстан, жол
Қазақстанда Ресейге апаратын автобан жаңартылды
"Ақтөбе-Қандыағаш" тас жолында төрт жолақты қозғалыс ашылды
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. "Қазавтожол" ұлттық компаниясы ұзындығы 96 км республикалық маңызы бар "Ақтөбе – Қандыағаш" автомобиль жолының реконструкциясын аяқтады. "Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1869 км, оның ішінде соңғы жылдары 117 км жол реконструкцияланды. Ал 280 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"Ақтөбе – Атырау – Ресей шекарасы" (Астраханьға) республикалық маңызы бар автомобиль жолының бөлігі "Ақтөбе – Қандыағаш" көлік дәлізін дамытуға басты назар аударылды", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бұл дәліз аймақ үшін де, бүкіл ел үшін де стратегиялық маңызды бағыт. Ол Қазақстанның Астраханьға шығуына мүмкіндік береді, Ресей Федерациясымен байланыстырады. Жолдың өткізу қабілеті мен қауіпсіздігі артты, төрт және екі жолақты жол тосқауылмен қоршалған.
"Автожолды қайта жаңарту аясында 691 мың тонна асфальтбетон қоспалары төселді, 10 көпір, 4 жол өтпесі, 3 айырбас және темір жол арқылы 1 жол өтпесі салынды, 8 демалыс алаңы, 18 автобус аялдамасы жабдықталды, сондай-ақ 1795 жарықтандыру тірегі орнатылды", - делінген хабарламада.
Жоба Қазақстанның Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан бағытындағы жолаушылар ағыны мен транзиттік әлеуетін арттырады. 2025 жылы "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" автомобиль жолын қайта жаңарту жоспарлануда. Жоба EPCM ("жобалау, Құрылыс және пайдалану") тетігі бойынша іске асырылатын болады, бұл мердігерлердің жауапкершілігін күшейтеді және сенімді құрылыс компанияларының қатысуына мүмкіндік береді.