Антикор Түркістан облысында жол саласында 2,2 млрд теңге негізсіз жұмсалғанын анықтады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуРемонт дорог
Ремонт дорог  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында автожол салу және жөндеу процестерін тексеру барысында 2,2 млрд теңгеге негізсіз шарттар жасалғанын анықтады.
Ведомствоның мәліметінше әкімдіктер төтенше жағдайлардың салдарын жою немесе зияткерлік меншік объектілерін сатып алу қажет деген сылтаумен нақты мердігерлерді іріктеп алған.
Бұл конкурстық процедураларды айналып өтуге және жұмыс тәжірибесі мен ресурстары жоқ фирмаларға артықшылық беруге мүмкіндік берген.
"Орташа жөндеу жүргізуге арналған сметаға күтпеген шығыстарға арналған шығындар негізсіз енгізіліп, бұл жұмыстардың 177 млн теңгеге қымбаттауына алып келді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 210 млн теңге жұмсаған.
Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, Түркістан облысының әкімдігі жолдарды орташа жөндеу бойынша күтпеген шығыстарды алып тастады.
Алматы облысында 40 км жол 40 жыл күрделі жөндеу көрмеген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.02.2024
Алматы облысында 40 км жол 40 жыл күрделі жөндеу көрмеген – видео
Жаңалықтар
0