Алматы облысында 40 км жол 40 жыл күрделі жөндеу көрмеген – видео
13:18 29.02.2024 (жаңартылды: 18:52 29.02.2024)
© RIA Novosti Айдана Дайырова
Жазылу
Биыл жолдың әр жерін бір жамап кеткен
АЛМАТЫ, 29 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданында 40 шақырым жол 40 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Жол бойындағы ауыл тұрғындарының базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Ұйғыр ауданында 40 шақырым жол кеңес үкіметі тұсынан күрделі жөндеу көрмеген. Жол бойында Шарын, Бахар, Тастықара сынды үш ауыл орналасқан.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҰйғыр ауданында 40 шақырым жол кеңес үкіметі тұсынан күрделі жөндеу көрмеген
Ұйғыр ауданында 40 шақырым жол кеңес үкіметі тұсынан күрделі жөндеу көрмеген
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Менің өмірге келгеніме 40 жылдан асты. Осы уақыт ішінде осы жолдың жасалғанын бір де бір рет көрмедім. Әр жерін бір шұқып жасап қояды. Онысы көпке ұзамай қайта ойылады", - дейді Шарын ауылының тұрғыны Болат Айдарқұлов.
Ауылда көлігі барлар аудан орталығына жолаушы тасып күнелтеді. Жолдың салдарынан көлігімізді жөндеуден көз ашпаймыз дейді олар.
"Жолды биыл әр жерін бір жамап қойды. Былтырғы түрін көрсеңіздер тіпті масқара болатын. Ауданға кісі тасимыз, жолақысы жүз теңгенің айналасы. Әрі кетсе екі ай жүрген соң көліктің жабдығын ауыстырып, жөндетеміз. Басқа жұмыс жоқ, қайтеміз", - дейді тұрғындар.
Жолдың жырын айтып, тұрғындар талай шағымданған. Алайда еш қайыр жоқ. Ұйғыр аудандық әкімдігі "бұл республикалық маңызы бар жол, бізге қарамайды" дейді.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖол бойында Шарын, Бахар, Тастықара сынды үш ауыл орналасқан
Жол бойында Шарын, Бахар, Тастықара сынды үш ауыл орналасқан
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Бұл жол республикалық маңызы бар жол. Бүгінгі күні "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас автомобиль жолының техникалық құжаттамасын одан әрі әзірлеу үшін жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, ұзындығы 42 км жолға ақшалай қаражаттың бөлінуіне қарай жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған", - дейді аудан әкімі Бота Елеусізова.
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ұйғыр ауданында 40 шақырым жол кеңес үкіметі тұсынан күрделі жөндеу көрмеген
1/3

2/3

3/3

Айта кетері, Ұйғыр ауданында күрделі жөндеу көрмеген жолдар тек бұл емес.
Ауданда жалпы 102 шақырым республикалық маңызы бар жол бар. Соның небәрі 4 шақырымына ғана орташа жөндеу жүргізілген. Ал қалған шақырымдарды жамап-жасқаумен ғана келеді.