https://sputnik.kz/20241212/memleket-basshysy-valentina-matvienkomen-kezdesti-49243138.html
Мемлекет басшысы Валентина Матвиенкомен кездесті
Мемлекет басшысы Валентина Матвиенкомен кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесу өткізді. 12.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-12T13:10+0500
2024-12-12T13:10+0500
2024-12-12T14:40+0500
қасым-жомарт тоқаев
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49242960_0:92:1280:812_1920x0_80_0_0_388a5ab197c6a81f779c2f0a013c7dff.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесу өткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Федерация Кеңесі төрағасының сапары парламентаралық байланысты нығайту тұрғысынан ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің көпжоспарлы стратегиялық серіктестігін барлық бағытта одан әрі арттыру үшін маңызды екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл үдерісте парламентаралық дипломатия айрықша рөлге ие. Президент депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге айтарлықтай үлес қосады деп санайды. Өз кезегінде Валентина Матвиенко қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстанға зор ықыласпен және парламенттік үлкен делегацияны бастап келгенін айтты. Ол Ресей Президентінің сәлемін жеткізіп, Владимир Путин Астанаға жасаған сапарының қорытындысын жоғары бағалағанын атап өтті. "Ресей Президентінің Қазақстанға сапары өте табысты әрі нәтижелі болды. Ең бастысы, өзара тиімді және құрметке негізделген біздің ынтымақтастығымыздың қарқыны артып келеді. Қазақстан мен Ресей президенттерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Тауар айналымы, инвестиция, өндірістегі ірі жобалар, энергетика, ауыл шаруашылығы секілді қай саланы алып қарасақ та, екі ел арасындағы берік стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың нағыз үлгісін көреміз", – деді Валентина Матвиенко.
https://sputnik.kz/20241212/matvienko-resey-men-qazaqstan-arasyndagy-qarym-qatynas-zhogary-dengeyge-zhetti-49239460.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49242960_38:0:1243:904_1920x0_80_0_0_4a30ca8421eea023af7050e4827d8bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ресей
қасым-жомарт тоқаев, ресей
Мемлекет басшысы Валентина Матвиенкомен кездесті
13:10 12.12.2024 (жаңартылды: 14:40 12.12.2024) АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Федерация Кеңесі төрағасының сапары парламентаралық байланысты нығайту тұрғысынан ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің көпжоспарлы стратегиялық серіктестігін барлық бағытта одан әрі арттыру үшін маңызды екенін айтты.
"Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жақында біздің елімізге Владимир Владимирович Путин мемлекеттік сапар жасады. Бұл стратегиялық серіктестікті, екі ел арасындағы одақтастықты дамытуға тың серпін берді. Мен екіжақты ықпалдастықтың болашағы зор деп ойлаймын", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл үдерісте парламентаралық дипломатия айрықша рөлге ие. Президент депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге айтарлықтай үлес қосады деп санайды.
Өз кезегінде Валентина Матвиенко қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстанға зор ықыласпен және парламенттік үлкен делегацияны бастап келгенін айтты. Ол Ресей Президентінің сәлемін жеткізіп, Владимир Путин Астанаға жасаған сапарының қорытындысын жоғары бағалағанын атап өтті.
"Ресей Президентінің Қазақстанға сапары өте табысты әрі нәтижелі болды. Ең бастысы, өзара тиімді және құрметке негізделген біздің ынтымақтастығымыздың қарқыны артып келеді. Қазақстан мен Ресей президенттерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Тауар айналымы, инвестиция, өндірістегі ірі жобалар, энергетика, ауыл шаруашылығы секілді қай саланы алып қарасақ та, екі ел арасындағы берік стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың нағыз үлгісін көреміз", – деді Валентина Матвиенко.