Матвиенко: "Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейге жетті"
13:21 12.12.2024 (жаңартылды: 13:25 12.12.2024)
© Photo : Совет Федерации РоссииВалентина Матвиенко мен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасының Сенаты мен Федерация Кеңесі арасындағы парламентаралық ынтымақтастық жоспарына қол қойды
© Photo : Совет Федерации России
Жазылу
Федерация Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған парламентаралық ынтымақтастық жоспарына қол қойылды
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Сенат пен Федерация Кеңесі басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша Валентина Матвиенко мен Мәулен Әшімбаев Федерация Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған парламентаралық ынтымақтастық жоспарына қол қойды.
Құжатта өзара сапарлар, Ынтымақтастық комиссиясы мен профильдік комитеттердің отырыстарын өткізу, халықаралық парламенттік іс-шараларға қатысу туралы айтылады. Екіжақты ынтымақтастықтың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге жәрдемдесу және өңіраралық байланыстарды дамытуға қолдау көрсету бойынша жұмыс жоспарлануда.
Сондай-ақ Федерация Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппараттары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат тәжірибе мен ақпарат алмасуға, іс-тәжірибеден өтуге, заң шығару қызметін қамтамасыз етуді жақсарту мәселелерін шешуге бағытталған.
© Photo : Совет Федерации РоссииФедерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко
Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко
© Photo : Совет Федерации России
Әңгімелесу барысында Астанада ресми сапармен жүрген Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко мен Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Валентина Матвиенко Ресей Президенті Владимир Путиннің 27 қарашадағы Қазақстанға мемлекеттік сапары маңызды, нәтижелі және табысты болғанын ерекше айтты. Ол осы сапар барысында стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға мүдделілік расталғанын мәліидеді.
"Президенттердің күш-жігерінің арқасында елдер арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті. Біздің ынтымақтастығымыз өзара тиімді және сыйластыққа негізделген. Мемлекет басшыларының маңызды шешімдері заңнамалық қолдауды қажет етеді, оның ішінде экономика және гуманитарлық өзара іс-қимыл саласында", - деп келтіреді Ресей Федерация Кеңесінің баспасөз қызметі Валентина Матвиенконың сөзін.
Федерация Кеңесінің төрағасы 2012 жылы қол қойылған Федерация Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жаңарту туралы ойлануды ұсынды.
© Photo : Совет Федерации РоссииҚазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев
Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев
© Photo : Совет Федерации России
Мәулен Әшімбаев Федерация Кеңесі делегациясының сапарын "стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың бағдары" деп санайтынын айтты. Оның айтуынша, Астанадағы кездесу парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.
"Біздің басты міндетіміз – жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді тиімді жүзеге асыруға ықпал ету. Біздің тұрақты диалогымыз парламентаралық қарым-қатынастардың жүйелі дамуына ықпал етеді", - деп атап өтті Қазақстан Парламенті Сенатының басшысы.
Оның айтуынша, қазақстандық парламентшілер салық саласында және ауыл шаруашылығы саласын дамытуда заңнамалық тәжірибе алмасуға мүдделі.
Кездесуге қатысушылар өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Әңгімелесу барысында білім беру және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды. Федерация Кеңесінің төрағасы Қазақстан Сенаты Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы шартты ратификациялау туралы заңды мақұлдағанын айтты.
Әңгіме барысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы тақырыбы ерекше орын алды. Валентина Матвиенко "Естелік пойызы" мәдени-ағартушылық жобасын қолдағаны үшін алғыс айтып, қазақстандық оқушылар делегациясын 2025 жылы қатысуға шақырды.
Тараптар халықаралық аренада, ең алдымен, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және БҰҰ аясында сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.