Экс-министрдің ұлы "Полиэтилен" жобасының басшысы болып тағайындалды

© Photo : Пресс-служба АО "КазМунайГаз"В казахстанском KMG PetroChem сменился первый руководитель
В казахстанском KMG PetroChem  сменился первый руководитель - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Атырау облысында полиэтилен өндіру жобасын іске асыратын KMG PetroChem ЖШС-не ("ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес ұйымы) жаңа басқарма төрағасы тағайындалды. Бұл туралы бас компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"KMG PetroChem" ЖШС ("ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес ұйымы) басқарма төрағасы болып төтенше жағдайлар жөніндегі экс-министр Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин тағайындалды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулгафаров компания ұжымына жаңа басшыны таныстырды", - делінген ҚМГ хабарламасында.
Тағайындалғанға дейін Игорь Ильин Karabatan Utility Solutions мұнай-химия бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Әр жылдары "ОАЭК" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазақ мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС-нде басшылық лауазымдарын атқарған.
Ол 2012 жылы тағылымдамадан өтіп, кейін өнеркәсіпте инновациялық тәсілдерді жобалауға, енгізуге маманданған Worley Parsons халықаралық компаниясында еңбек жолын бастады. Қазақстан-Британ техникалық университетін "Автоматтандыру және басқару"мамандығы бойынша бітірген.
PetroCouncil мұнай-газ кеңесі өзінің ресми Telegram-каналындағы ақпаратында Абдулгафаров "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қала беретінін, онда қарқынды дамуды көрсететін мұнай-газ химиясына жетекшілік етуді жалғастыратынын жазды.
Дастан Абдулгафаровтың "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ компаниялар тобында 23 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде 19 жыл басшылық қызмет атқарған. Ол қазақстандық құқық және халықаралық қатынастар институтын, ҚР СІМ дипломатиялық академиясын, ENI корпоративтік университетін, "Сколково" Мәскеу басқару мектебін (Executive MBA), Stanford University Graduate School of Business бітірген. Соңғы жылдары компания "Полиэтилен" жобасы бойынша "СИБУР" және Sinopec стратегиялық серіктестерін тартты, сондай-ақ "Полиэтилен" және "ГСК"жобалары бойынша түпкілікті инвестициялық шешім (FID) қабылданды.
Вице-министр энергетики Асхат Хасенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2024
"ҚазМұнайГаз" басшысы ереуіл салдарынан күніне қанша тонна мұнай өндірілмей жатқанын айтты
Жаңалықтар
0