"ҚазМұнайГаз" басшысы ереуіл салдарынан күніне қанша тонна мұнай өндірілмей жатқанын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневВице-министр энергетики Асхат Хасенов
Вице-министр энергетики Асхат Хасенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов Жаңаөзендегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін "Өзенмұнайгаз" компаниясының жүздеген жұмысшысы өз талаптарын қойып, жұмысқа шықпай қойды. Қазіргі кезде олар біртіндеп жұмысқа шығып жатыр.
"Ол жақта күндізгі аусымда 4 770 адам жұмыс істейді. 160 жұмысшы шықпай жүрген. Бүгін таңертең маған 19 адам жұмысқа шықты деген ақпарат берді. Демек, қазір 141 адам жұмысқа шықпай отыр", - деді Хасенов бүгінгі брифингте.
"ҚазМұнайГаз" басшысы ереуілдің салдарынан келетін шығынды да атады. Оның айтуынша, күн сайын шамамен 100 тонна мұнай өндірілмей жатады.
"Шығын шамамен 100 тоннаны құрап отыр. Бірақ бүгінде негізгі техника мен бригадалар жұмысқа кірісіп кетті. Сол себепті өндірілетін мұнайды көлемін жылдам арттырып жатырмыз", - деп атап көрсетті Хасенов.
Флаг с логотипом АО НК КазМунайГаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2024
Ұлттық компания "Өзенмұнайгаз" жұмысшыларының талабына түсініктеме берді
Жаңалықтар
0