Қарағанды тұрғыны жеңіл көлігіне жылқы тиеп алған

© Ішкі істер министрлігіҚарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды
Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды

 - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Нұра ауданында патрульдік полиция қызметкерлері 11 желтоқсанда Нұра — Теміртау республикалық автожолында Audi көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікте жылқы болған. Көлік жүргізушісі, Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, жылқының өзініңкі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады.
Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр.
Айта кетейік, 7 қазаннан бері өтіп жатқан “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Нұра ауданында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 37 фактісі анықталды. Оның 20 жағдайында жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Поезд едет по железнодорожному мосту Байкало-Амурской магистрали, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2024
Бір тәулікте 11 жылқыны пойыз басып кетті
Жаңалықтар
0