https://sputnik.kz/20240904/bir-taulikte-11-zhylqyny-poyyz-basyp-ketti-46799909.html
Бір тәулікте 11 жылқыны пойыз басып кетті
Бір тәулікте 11 жылқыны пойыз басып кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 04.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-04T22:01+0500
2024-09-04T22:01+0500
2024-09-04T22:01+0500
жетісу облысы
жылқы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35147042_0:150:3108:1898_1920x0_80_0_0_df4a9653bd196c93059ef7747ea53b1c.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.Осы жылдың 8 айында көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 417 дерегі тіркелді.Еліміздің темір жолдарында 1070 жануарды қағып кету фактісі болды, оның ішінде 355 бас жылқы, 191 бас ірі қара, 28 ұсақ мал бар.Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, осы жылғы 31 тамызда Жетісу облысының Быжы — Бахша аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдан жылқы малын көріп, тежегішті шұғыл тежеді.Алайда қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 8 бас жылқы пойыз астына түсті. Жоспарланбаған пойыз тоқтауы 14 минутты құрады.Дәл сол күні Сарыөзек — Үштөбе аралығында да осындай жағдай қайталанды, онда жүк пойызы 3 бас жылқыны қағып кетті.Тексеру барысында Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иелерін тауып, оларды теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.Олар Жетісу облысының 44 және 55 жастағы тұрғындары болып шықты.Б. Малыбаев көлік полицейлері үнемі рейдтер жүргізіп, мал иелерімен әңгімелер өткізіп, жадынамалар таратып, ауылшаруашылық жануарларының иелерін мұқият болуға шақыратынын айтты.Ұдайы жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға қарамастан, тұрғындар тарапынан құқық бұзушылықтарға әлі де жол берілуде."Теміржол арқылы өту тек өткелдерде, жол өтпелерінде және арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етілгенін тағы да еске саламыз. Дегенмен қараңғы, тұманды, нөсер жаңбыр және боранды күндері, тіпті ол жерлерден де өтуге тыйым салынады", — дейді Б. Малыбаев.
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35147042_189:0:2920:2048_1920x0_80_0_0_cc8e445a79de523d52ebb661c51a5ee8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, жылқы
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 8 айында көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 417 дерегі тіркелді.
Еліміздің темір жолдарында 1070 жануарды қағып кету фактісі болды, оның ішінде 355 бас жылқы, 191 бас ірі қара, 28 ұсақ мал бар.
Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, осы жылғы 31 тамызда Жетісу облысының Быжы — Бахша аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдан жылқы малын көріп, тежегішті шұғыл тежеді.
Алайда қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 8 бас жылқы пойыз астына түсті. Жоспарланбаған пойыз тоқтауы 14 минутты құрады.
Дәл сол күні Сарыөзек — Үштөбе аралығында да осындай жағдай қайталанды, онда жүк пойызы 3 бас жылқыны қағып кетті.
Тексеру барысында Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иелерін тауып, оларды теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Олар Жетісу облысының 44 және 55 жастағы тұрғындары болып шықты.
Б. Малыбаев көлік полицейлері үнемі рейдтер жүргізіп, мал иелерімен әңгімелер өткізіп, жадынамалар таратып, ауылшаруашылық жануарларының иелерін мұқият болуға шақыратынын айтты.
Ұдайы жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға қарамастан, тұрғындар тарапынан құқық бұзушылықтарға әлі де жол берілуде.
"Теміржол арқылы өту тек өткелдерде, жол өтпелерінде және арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етілгенін тағы да еске саламыз. Дегенмен қараңғы, тұманды, нөсер жаңбыр және боранды күндері, тіпті ол жерлерден де өтуге тыйым салынады", — дейді Б. Малыбаев.