Доллар қандай азық-түліктің бағасына әсер етуі мүмкін

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуМясо птицы
Мясо птицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2024
Жазылу
Бүгінде бес тауар түрі бойынша импорттық тәуелділік бар
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанға импортталатын азық-түлік тауарларын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде бес тауар түрі бойынша импорттық тәуелділік бар. Олар - құс еті, шұжық өнімдері, балық, қант, ірімшік пен сүзбе.
"Мысалы, құс еті бойынша үш жыл бұрын (өз өндірісіміз – Sputnik) 43 пайыз болған. Ал үлкен инвестициялық жобаларды іске қосқаннан кейін 73 процентке жеттік. Қант 6-ақ пайыз болған, қазір 42 пайыз болып тұр", - деді Сапаров бүгін сенат отырысында.
Министр биыл қант қызылшасы рекордық көлемде жиналғанын еске салды. Бірақ бәрін өзімізде өңдеу үшін жаңа зауыт салу қажет.
Айта кетері, бүгінгі отырыста премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандықтар жалақысының қанша пайызын азық-түлікке жұмсайтынын айтты.
Продуктовая корзина. - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2024
Халық табысының қанша пайызын тамаққа жұмсайды – үкімет есептеп шықты
Жаңалықтар
0