Халық табысының қанша пайызын тамаққа жұмсайды – үкімет есептеп шықты

© Sputnik / Виталий БелоусовПродуктовая корзина.
Продуктовая корзина. - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2024
Жазылу
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басым бөлігі өндіріледі
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандықтар жалақысының қанша пайызын азық-түлікке жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, қазақстандықтар өз табысының 8 процентін нан мен жарма өнімдеріне жұмсайды.
"Шамамен 17 проценті етке, 5 проценті сүт пен сүт өнімдеріне, ал 4 проценті көкөніс, жеміс-жидек пен кондитерлік өнімдерге кетеді. Жалпы, тұтынушылық шығындардың ішінде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға кететін ақшаның көлемі бұрынғыдай 50 проценттің көлемінде сақталып отыр", - деді Жұманғарин сенаттың бүгінгі отырысында.
Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басым бөлігі өндіріледі. Алайда импортталатын өнімдер әлі де бар. Олар - құс еті (73 процент), шұжық өнімдері (60 процент), балық (54 процент), ірімшік және сүзбе (57 процент), қант (42 процент).
Жаңалықтар
0